1 Қазан күні Сазды ауылдық аймағында «Халықаралық қарттар күніне» орай жергілікті әкімшілік «Мәдениет үйінде» мерекелік шара өткізді. Мерекелік іс-шараға «Ақтөбе мұнай өңдеу» ЖШС де қатысты. Компанияның бас директоры Тасмагамбетов Ильяс Құрманғали ұлының атынан құттықтау сөздері айтылып, мерекелік шараға шақырылған қарттарға кішігірім сый-сияпат табысталды. Шараға қатыса алмаған қарттарды, мекеме өкілдері үйлеріне барып құттықтады