2016 жылдың 3 қыркүйек күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Ақтөбе мұнай өңдеу» ЖШС-не жұмыс сапарымен келіп, өндірісіміздің жұмысымен танысты. Кездесу барысында алдағы жылдарға кәсіпорынның шикізатпен жүктелу мәселелері қаралды. Шикізатты өңдеу қуаттылығының жылына 1 млн. тоннаға дейін ұлғаюы және Қазақстан Республикасының Энергетика Министрлігінің тарапынан шикізатпен қамту жөніндегі қолдау мәселелері қозғалды.