«Ақтөбе мұнай өңдеу» ЖШС мұнай өңдейтін зауыт Қазақстанның экономикалық келешегі зор облыс орталықтарының бірі – Ақтөбе қаласының өнеркәсіптік аймағында орналасқан.
Шикі мұнайдың алғаш қабылдануы зауытпен 2011 жылы наурызда жүзеге асырылды. Сол жылдың сәуір айында мұнай өнімдерінің бірінші партиясы шығарылды. МӨЗ 1-ші кезегінің орнатылған қуаты мұнай өңдеу бойынша жылына 150 мың тоннаны құрады. 2013 жылы МӨЗ 2-ші кезегін енгізумен зауыт қуатын жылына 300 мың тоннаға дейін арттыру жоспарланған.
Барлық өндірілетін өнімдер Қазақстан Республикасының техникалық реттеудің мемлекеттің жүйесінде сертификатталған.
2011 жылы зауыт 62 мың тонна мұнай шикізатын өңдеді. 2012 жылдың 9 айы ішінде «Ақтөбе мұнай өңдеу» ЖШС мұнай шикізатының 68,4 мың тоннасын өңдеді.
Компанияның басымдықтары ішінде – ұсынылатын өнімнің сапасын жоғарылату және географиялық өткізуді кеңейту.
Кәсіпорынмен шамамен 130 жұмыс орны құрылды, жұмысшының орташа статистикалық жасы 30-35 жас құрады. Орташа деңгейі облыстық көрсеткіштен асатын жалақымен қатар зауыт өз қызметкерлеріне айтарлықтай әлеуметтік пакетті ұсынады.
Егер сіз қарқынды дамып жатқан компанияда жұмыс істеу немесе оқу тәжірибесін өту бойынша қызығушылық танытсаңыз, сіздің резюмеңіздіinfo@aktoberefinery.kz мекен-жайына жіберуіңізді сұраймыз.
