Забота об окружающей среде!

«Ақтөбе мұнай өңдеу» ЖШС әлеуметтік-жауапкершілікті бизнесті жүргізуде, оның негізінде аталған аймақта қосымша жұмыс орындарын құрумен қатар, қоршаған ортаға жағымсыз әсерді барынша кеміту жатыр. Кәсіпорында аталған салада тәжірибесі және салалық білімдері бар жоғары мамандандырылған қызметкерлер құрамы қызмет етеді.

Зауыттың экологиялық сұрақтары кешенді шешіледі және мұнай өңдейтін өндірістің барлық кезеңдерін, сонымен қатар жоғары экологиялық қасиеттері бар өнімді дайындауды қамтиды, бұл өнімдерді пайдалану қоршаған ортаның ластануын және адам денсаулығына келетін әсерді айтарлықтай төмендетуге алып келеді. Зауыттың өнеркәсіптік және санитарлық-қорғаныс зонасының тұрақты экологиялық бақылауы «ИСТ-ЭКО» ЖШС тәуелсіз зертханасымен жүзеге асады.

Мұнай өңдейтін зауыттың қызметкерлер құрамы табиғат қорғау ортасындағы негізгі жұмыстар бойынша міндетті оқытудан және қайта оқытудан (біліктілікті жоғарылату) өтеді, мамандармен өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбек қауіпсіздігі ережелерін және талаптарын сақтау саласында функционалды міндеттемелердің орындалуының тұрақты бақылауы жүзеге асырылады.

2013 жылы табиғат қорғау шараларын жүзеге асыру зауытты жетілдірудің 2-ші кезеңінің аясында жалғасын табады, осы жылы экологиялық шараларға 3,5 млн теңге жұмсалды.